Атырау мұнай өңдеу зауытының каталитикалық крекинг қондырғысында жоспарлы тексеру жұмыстары кестеден екі күн бұрын аяқталып, іске қосылды. Бұл сұйытылған газ мұнай газын өндіруді қайта бастауға мүмкіндік берді.
Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, 29 қазанда каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылып, тұрақты жұмыс режиміне көшірілген.
-Зауыт қондырғыларындағы жоспарлы тексеру жұмыстарына мамандандырылған ұйымдар жұмылдырылд. Зауыттың профильді қызметтерінің жіті бақылауының нәтижесінде 29 қазанда каталитикалық крекинг қондырғысы тұрақты жұмыс режиміне шығарылды. Бұл сұйытылған мұнай газын өндіруді қайта бастауға, дизель отыны өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді, -деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімін.