Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды

М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында 25 қазан — Республика күніне орай «Тұғыры биік Қазақстан» атты салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

— Бұл тарихи құжат Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігін айқындап берді. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешетіні анықталды. Біз еліміздің жас буынына ел тарихындағы осындай айтулы күндердің бағасы мен мәнін ұғындырумыз керек. Қоғамда шынайы демократияландыру процестері жүріп жатқанын азаматтардың еркі мен бостандығының қамтамасыз етілуінен, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары дамып, азаматтық қоғам құра алғанымыздан анық аңғаруға болады. Еліміздің дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолында өңіріміздің әлеуетін толық пайдаланып, игі іс атқарайық,-деді С.Шәпкенов.

Back to top button