Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырау мұнай өңдеу зауытында қондырғылардың бірінші кезегі қайта іске қосылды

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы тексеруден кейін технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі қайта іске қосылды. Қазір тәулігіне 9 500 тонна мұнай өңделіп жатыр.

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім еткендей, 21 қазанда тексеру жұмыстарының аралық қорытындысы шығарылған. Соған сәйкес технологиялық қондырғылардың бірінші кезегі іске қосылған.

«Қазір зауыттың тәуліктік мұнай өңдеу көлемі – 9 500 тонна. Мұнай өнімдері мынадай көлемде шығырыла бастады. Автобензин – тәулігіне 1 200 тонна, дизель отыны – тәулігіне 1 500 тонна. Зауыттың технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын ала тексеру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жабдықтарды кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығару жоспарланып отыр», — деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.

Жоспарлы-алдын тексеру басталғаннан бүгінгі күнге дейін бірнеше бағытта жұмыс атқарылған. Бұл – жабдықтарды тазалау, пештер мен реакторларды қаптау, тозған жабдықтар мен катализаторларды ауыстыру, колонналық жабдықтардың ішкі құрылғыларын модификациялау. Қазір қысыммен жұмыс істейтін түтікшелерді тексеру жалғасып жатыр.

– Зауытта экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларды анықтайтын автоматтандырылған жүйесін орнату жобасы жүзеге асырылуда. Жоспарлы тексеру кезінде технологиялық пештердің мұржаларына автоматтандырылған бақылау жүйесін монтаждауға қажетті барлық жұмыс орындалды, -деп мәлім етті қоғаммен байланыс бөлімінен.

Back to top button