Қазір қызылша жұқтырғандарға арналған бөлімде 74 науқас ем алып жатыр. Оның 67-сі бала, 21 -бір жасқа дейінгі, 46 – 1-14 жасқа дейінгі балалар, екі жүкті әйел және бес ересек. Науқастардың ішінде: емделген пациенттердің 17,8% — вакцинация жасына жетпеген, 3,4% — вакцина мәртебесі белгісіз, 18,8% — екпе алған және 60% — екпе алмаған.
Биыл 2 наурыз-19 қазан аралығында Атырау облысында қызылшамен ауырған 724 жағдай тіркелсе, оның ішінде ауыр халдегі тоғыз науқас жансақтау бөлімінде емделді. Бүгінгі таңда жансақтау бөлімінде қызылшамен ауырып жатқандар жоқ. Қызылша инфекциясы бойынша медициналық көмекке жүгінгендердің арасында өлім жағдайы тіркелмеген. Қызылшаға қарсы екпені тұрғылықты жері бойынша емханадан алуға болады.