Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТехнология

Миялы-Ойыл автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Қызылқоға ауданында Миялы-Ойыл автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Ұзындығы 18,5 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме «Мангистауский комбинат дорожно-стройтельных материалов» АҚ. Бүгінде 16 шақырым жолдың топырағын көтеру (грунт) жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі таңда су өткізгіш тұрбалары және мал өткелдерін салу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, жоба құны 6 млрд 200 млн теңгені құрап отыр. Аяқталу мерзімі 2024 жыл.

Back to top button