Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырау облысында тегін үйірмелерге тартылған балалар саны 10 мыңнан асқан

Атырау облысында биыл тегін үйірмелерге тартылған балалар саны 10 мыңнан асқан. Балалар арасында «Ұлттық би», «Кескіндеме, сурет», «Домбыра», «Заманауи би», «Эстрадалық вокал», «Халық әндерін айту» үйірмелеріне сұраныс артқан. Бұл туралы  Казинформ жазды.

Атырау облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Ләззат Аққажиеваның айтуынша, Damubala.kz платформасы шеңберінде «Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс» жобасымен 29 түрлі тегін үйірме қызмет көрсетеді. Бұл – облыстағы балалардың 5 пайызы.

-Биыл қаңтар-мамыр аралығында бұл үйірмелерге 10 458 бала барған. Ваучерлердің ішінде ең көп сұраныс «Ұлттық би», «Кескіндеме, сурет», «Домбыра», «Заманауи би», «Эстрадалық вокал», «Халық әндерін айту» үйірмелеріне артқан. Шығармашылық үйірмелерге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуын бағалау, талдау мақсатында облыс тұрғындары арасында анонимдік сауалнама жүргіздік. Сауалнамаға 969 респондент қатысты. Олар тегін үйірмеге қатысқан балаларының шығармашылыққа қызығушылығы артып, бос уақытын тиімді пайдаланғанын, өнерге бейімделу қабілеті ашылғанын көрсетті. Жобаға сәйкес бюджет есебінен бір баланың үйірмеге қатысуына орташа есеппен 14 мың теңге жұмсалған. Бұл ата-аналар үшін, әсіресе көп балалы отбасылар үшін өте тиімді жоба болды, — деді Ләззат Аққажиева.

Back to top button