Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облысында жергілікті кәсіпкерлер туған жерін көркейтуге атсалысады

«Туған жерге – тағзым» атты жерлестер форумы аясында Махамбетте туып өскен кәсіпкерлер туған жерге туын тігу мақсатында тегін жобаларды жүзеге асыру бағытындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Іс-шараға алпысқа жуық әр жерде қызмет ететін Махамбет ауданында туып өскен азаматтар мен кәсіпкерлер шақырылды. Кездесу барысында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ауданда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, алдағы жоспарлы жобаларды көпшілікке ұсынды. Ол «Туған жерге – тағзым» жобасы аясында жерлес кәсіпкерлерге ауылды көркейтуге үлестерін қосып, елдің тұрақты экономикалық кеңістігін қалыптастыруға шақырды. Кәсіпкерлер Б.Ғабдуллин, Г.Джумагалиева, Е.Андашев, Н.Аханов ұсыныстарға қолдау көрсетіп, туған жерді көркейтуге өз үлестерін қосатындарын жеткізді. Атап айтқанда «Алим-ай» ЖШС директоры Е.Андашев Махамбет ауылынан қысқы спортқа арналған хоккей алаңын салып беретін болса, «Сала» ЖШС директоры Н.Аханов Сарайшық ауылынан спорт кешені мен мектептің және Бейбарыс ауылынан спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттамасын жасап беретін болды.

-«Туған жерге – тағзым» жобасын қолға алудағы басты мақсат — ауылдан түлеп ұшқан, бүгінде жетістікке жетіп, әр салада еңбек етіп, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтарды туған жерге өз үлестерін қосуға шақыру. Осы мақсатта өткізілген форумда Махамбет ауданында туып, өсіп-өнген ауыл азаматтары мен кәсіпкерлеріне балаларға арналған ойын алаңдарын, кіші аяқ доп, хоккей, бассейн алаңдарын, қонақ үй, балалар аттракциондық саябағын салу ұсынылды. Сол жерде ауылымыздың азаматтары Е.Андашев пен Н.Аханов қолдау білдіруге дайын екендіктерін айтып, аудан әкімімен өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. Қалған кәсіпкерлер жобаға бір кісідей атсалысатындарын айтты. Бұл форум туған жерді көркейтуде ұсынылған жобалардың орындалысының алғашқы бастамасы ғана,- деді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Жексенбай Пазулов.

Back to top button