Түркия, Кемер қаласында 29 қыркүйек пен 8 қазан аралығында балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында муай-тай спортынае Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы AtyrauPress тілшісі жазды.
Байрақты басекеге 77 елден 1100 спортшы қатысуда. Қазақстаннан 67 спортшы қатысып, 7 алтын, 13 күміс, 18 қола жүлдені жеңіп алса, жалпы командалық есепте 4 орыннан көрінді. Аталған Әлем чемпионатында ел намысын қорғаған спортшылар қатарында Атыраулық “ҚАЙСАР” спорт клубынан 6 спортшы бар. Олар 3 күміс пен 2 қола жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, Аделина Гатиятуллина (10-11/32келі) мен Іңкәр Сарсембай (14-15/67келі) қола медальды қанағат тұтса, Али Ильясов (10-11/46келі), Арсен Бисембай (16-17/48келі),Нұрхан Сайын (16-17/+91келі) ақтық кездесулерінде ұпай санымен есе жіберіп күмістен алқа тақты.