8 қазан күні таңертең Ханчжоуда (Қытай) Азия ойындары аяқталды.
Барлық жарыстар аяқталған соң отандық спортшылар қоржынында 80 медаль (10 алтын, 22 күміс, 48 қола) жиналды. Осылайша, қорытынды медальдық есепте Қазақстан 11-ші орында.
Тізімде 383 медальмен (201-111-71) Қытай көш бастап тұр. Екінші орынға Жапония 188 (52-67-69), үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшылары — 190 (42-59-89) ие болды.
2023 жылғы Азия ойындарының медальдық есебінде ТОП-10 ел:
1. Қытай – 201-111-71 (383)
2. Жапония — 52-67-69 (188)
3. Оңтүстік Корея – 42-59-89 (190)
4. Үндістан — 28-38-41 (107)
5. Өзбекстан – 22-18-31 (71)
6. Қытайлық Тайбэй – 19-20-28 (67)
7. Иран – 13-21-20 (54)
8. Тайланд — 12-14-32 (58)
9. Бахрейн — 12-3-5 (20)
10.Солтүстік Корея — 11-18-10 (39)
11.Қазақстан — 10-22-48 (80).