Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұма күні Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, оның барысында тұрғындарды отын-энергетика кешені саласында өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардан хабардар етіп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Атырау облысы еліміздің мұнай-газ саласындағы көшбасшы болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 46,8 млн. тонна мұнай өндірілді. Осы жылдың 9 айында мұнай өндіру көлемі 39,2 млн. тоннаны құрады. 2023 жылға арналған жоспар 51 млн. тонна.
Қазіргі уақытта еліміздің үш негізгі кен орнында ірі жобалар іске асырылуда. Теңіз кен орнында Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр,
2024 жылы Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн.тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қарашығанақ кен орнында 4-ші газды кері айдау компрессоры іске қосылды, 5-ші компрессорды іске асыру басталды. Оның құны – шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар 735 млн. АҚШ доллары сомасына 6-шы компрессор да салына бастады. Бұл жобалар кен орнында өндіруді жылына
10-11 млн. тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған.
Қашағанда қуаты 1 млрд.м3 ілеспе газды қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталды. Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Оның қуаты – 2-ден 6 млрд.м3 дейін болады.
Сондай-ақ Министр халықты ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сонымен қатар ЖЖМ нарығын үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі қадамдар туралы хабардар етті.
Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, қазір үш МӨЗ-де аварияны төмендету бойынша жоспарлар, сондай-ақ сыртқы электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау МӨЗ-де «Газ турбиналық станция салу» жобасы жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ министр тұрғындарға өңірді сенімді электрмен жабдықтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірді. Осыған байланысты «KEGOC» инвестициялық бағдарлама шеңберінде «ҚР БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасын бастап жатыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2023 жылдар.
Бұл жоба өткізу қабілеті мен Атырау облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.