Атырау қаласында ересектер арасында тоғызқұмалақ спорт түрінен Қазақстан Республикасының Кубогі басталды.
Додаға Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Астана, Қостанай, Алматы қаласы және Атыраудан барлығы 8 команда 48 спортшы қатысып отыр.
Іс-шарада тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімов спортшыларға сәттілік тіледі.
— Бүгін министрліктің қолдауымен тоғызқұмалақтан ересектер арасындағы сайыс басталуда. Біз өз тарапымыздан Атырау облысының әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Қатысушыларға сәттілік тілеймін және жетістіктерге жетулеріне тілектеспін. Әділ сайыс болсын, ең мықтылар жеңсін,- деді Д.Әбдікәрімов.
Айта кетейік, аталған кубок Абай орталығында 8-қазанға дейін жалғасады.