Қазіргі таңда ауыл тұрғындардың басты мәселесінің бірі — тұрғын үй салуға жер алу. Соның бір айғағы – Сағыз ауылынан 225 жер теліміне инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толық аяқталып, жер телімдерін беру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дулат Нығметовтің айтуынша, 225 жер телімі газ, су, электр желілерімен толық қамтылған. Бүгінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың құжаттары жиналып болып, жер телімдерін беру басталуда.
Айта кетейік, Сағыз ауылдық округінде 8211 тұрғын болса, бүгінде 850 азамат жер кезегінде тұр.