Польшаның Гданьск қаласында өткен 32 елден 600 жас маман қатысқан тартысты додада «CAD инженерлік графикасы» компетенциясынан ел намысын С.Мұқашев атындағы политехникалық жоғары колледж студенті Ерасыл Бағытжан қорғап, «Үздік маман», «Ұлт мақтанышы» медалін жеңіп алды. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті.
Үш күнге созылған «Euroskills –2023» Халықаралық чемпионаты өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Аталған додада Қазақстан Ұлттық құрама командасындағы 28 қатысушы 25 құзыреттілік бойынша бақ сынап, атыраулық Ерасыл Бағытжан қос медаль иесі атанып отыр.
Айта кетейік, ЕБағытжан бұған дейін елімізде өткен «Worldskills Kazakhstan –2022» Ұлттық чемпионатының жеңімпазы. Ол С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті.