Ұсынылған өнімдер Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50 мекенжайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағына орналыстырылды. Аталған жәрмеңкеге Атырау облысының әкімінің орынбасары Марат Мурзиев пен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Салауат Өтеғұлов қатысты.
-Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17 түрі, балық және балық өнімдерінің 48 түрі, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды. Жәрмеңкеде аталған тауар түрлері нарықтық деңгейде төмен бағада сатылды, әрі жергілікті өнімдер мен өндірілген тауарлар жоғарғы сапада ұсынылды,- деді С.Өтеғұлов.
Оның айтуынша, балық және балық өнімдері Атырау қаласы, Исатай және Құрманғазы аудандарынан «Амангелді», «Каспий балық», «Шағала-Атырау», «Алаша-Атырау», «Сев Каспий Фиш» балық аулау және өңдеу кәсіпорындарынан жеткізілген. Ал сүт және сүт өнімдерін Жылыой, Индер және Махамбет аудандарынан «Ащысай» ШҚ, «Дархан-Дала» ШҚ, «Қуанышбек» ШҚ, «Нұрлыбек» ШҚ, БҚ «Первомайский» ЖШС өндірген.
Сондай-ақ Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат және Махамбет аудандарынан сиыр, жылқы, түйе және қой еттерімен қатар шұжық өнімдерін 20-дан астам шаруа қожалығы ұсынылса, бақша өнімдері «Индер-Агро» ШҚ, «Дибдиева» ШҚ, «КазАгроНова» ШҚ, «Дастан» шаруа қожалықтарынан жеткізілген.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге келген тұрғындар мен қонақтар үшін атыраулық өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.