Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Атыраулық палуандар Әлем кубогынан жүлдемен оралды

Көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың 100-жылдығына арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы Әлем кубогінен атыраулық Бекет Жүніс пен Нұрболат Ізімғалиев жеңіспен оралды. Бұл туралы Дене шынықтыру және спорт басқармасынын баспасөз хатшысы Сайрагүл Тұржанова мәлім етті.

Жерлестеріміз 20 мемлекеттен 150 спортшы қатысқан, додада жеңіске қол жеткізіп отыр. Нақытлай айтсақ, Бекет Жүніс 55 кг салмақ дәрежесінде Әлем кубогының жеңімпазы атанса, Нұрболат Ізімғалиев 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанып отыр.

-Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Мұнда бірінші орын алған спортшылар «Халықаралық спорт шебері» нормативін орындады. Жүлде қоры бірінші орынға 3 млн, екінші орынға 2 млн, үшінші орынға 500 мың теңеден берілді.
Ал спортшыларымызға келер болсақ, Б.Жүніс үш белдесу өткізіп, бірінші белдесуде тәжік палуанын айқын басымдықпен жеңсе, екінші белдесуде өзбек палуанын жеңіп, ақтық айқаста қырғыз палуанын ұтты. Н.Ізімғалиев Иран, Эстония спортшыларын жеңіп, ақтық айқаста өзбек палуанына жартылай жамбас ұтып тұрып, ескі жарақаты сыр беріп, белдесуді тоқтатып, 66 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізіп отыр,- деді Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Айбек Серғазиев.

Айта кетейік, екі спортшы да қазақ күресінен «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері».

Back to top button