Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жаңа оқу жылындағы балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз мәслихатына Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова, Атырау облысы ПД-нің өкілдері қатысып, жаңа оқу жылындағы қауіпсіздік шаралары қалай сақталатыны туралы сөз етті.
Облыстың білім беру жүйесінде 422 мемлекеттік білім беру ұйым бар. Барлық мекемелер 9 923 бейнекамерамен жабдықталған, оның 1481 полицияның жедел басқару орталығына қосылған.
Білім беру ұйымдарында «Жолда жүру ережелері» оқытылады. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін 3 шақырымнан қашық 60 елді мекеннен 4561 оқушыны 49 автокөлік арқылы тегін тасымалдайды.
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты аудан орталықтарында және Атырау қаласындағы мектеп, балабақша тағыда басқа оқу орындарының тұсында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол таңбалары және жол белгілері, жасанды жол кедергілеріне қайта жаңырту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар Атырау қаласында 6 мектептің тұсына 40 км/сағ. қашықтықты автоматты түрде анықтайтын сергек құрылғысы орнатылған. Олар Бейбарыс даңғылы бойындағы № 38 мектеп және осы даңғылдағы Алтынсарин атындағы №11 мектеп, Азаттық даңғылы бойындағы М.Мөңкеұлы атындағы №6 мектеп және осы даңғылдағы Атырау индустриялды колледжі, Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы Әл-Фараби атындағы Бином мектебі, Еркінқала ауылдық округіндегі Қазақстан көшесі бойындағы Махамбет атындағы мектептің тұсы.