Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырау облысында жыл басынан бері 17 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды

2022-2025 жылдарға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 28 мыңға жуық жұмыс орынын ашу жоспарланған. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті.

— Жаңа жұмыс орындары облыста іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде құрылды. Есепті кезеңге ашылған 17 098 жұмыс орнының 10 389-ы тұрақты және 6 709-ы уақытша жұмыс орындары. Тұрақты жұмыс орындары құрылыста — 2 066, көтерме және бөлшек саудада — 924, білім беру саласында — 803, көлік және қоймалау саласында — 519, ауыл шаруашылығында — 383, өнеркәсіпте — 337, денсаулық сақтау саласында — 214 және экономикалық қызметтің басқа түрлерінде — 5 143 жұмыс орындары құрылды.
Ұлттық жобалар бойынша құрылған жұмыс орындары «Интеграциялық жұмыс орындарын құру» ақпараттық жүйемен Электрондық еңбек биржасына вакансияларды жариялау арқылы іске асырылуда, — деді А.Мәмбетов.

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа жұмыс орындарын ашудан бөлек, жұмыспен қамту іс-шаралары да қарқынды жүргізілуде.

— Қысқа мерзімді оқу курстарына 625 адамды жергілікті бюджет есебінен және «Теңізшевройл» мекемесі арқылы 705 адамды оқыту жоспарланды. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өңірлік комиссия отырыстарында 15 кәсіптік оқу орындарының тізімі бекітіліп, қала мен аудандарға оқыту бағытындағы жұмысты ұйымдастыру үшін жолданды. Бұдан бөлек, кәсіптік бағдарлаумен 11 982 жұмыссыз қамтылды.Сондай-ақ, биыл 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар берілді. Жыл басынан бері екі кезең бойынша өтініштерді қабылдау жүргізіліп, 173 адамның бизнес-жобасы мақұлданды, — деді А.Мәмбетов.

Айта кетейік, бос жұмыс орындарын жариялау «Электронды Еңбек биржасы» және Мансап орталықтары арқылы жүзеге асады. Мәселен, басқарма өкілдері жыл басынан бері 73 мекемемен бірлесіп 2 мыңға жуық ваканттық жұмыс орындарын жариялаған.

Back to top button