Құрманғазы ауданының прокуроры Магилан Рахимовтың мәліметінше, жайылымдық жер учаскелерінің мақсатты пайдалануына талдау жүргізілген.
«Аудандық прокуратура қызметкерлерінің талдауы кезінде жайылымдық жерлер ұзақ уақыт тікелей мақсатына пайдаланылмағаны анықталды. Жер пайдаланушылардың малын да тіркелмей келген. Осыған орай, аудан әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді. Прокурорлық қадағалау актісімен мемлекеттің иелігіне 2,8 мың гектарды құрайтын 14 жер учаскесі қайтарылды. Жер учаскелерінің кадастрлық құны 6 млн теңгеден асады», -деп хабарлады аудан проркуоры Магилан Рахимов.
Оның айтуынша, 2021 жылы конкурс арқылы сатылған жер учаскелерінің сатып алу құнын өтемеу дерегі анықталып отыр. Талдау нәтижесімен бюджетке 3,8 млн теңге өндірілді.