Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442– 446 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 443,5 – 445,5 теңге аралығында құбылып тұр.
11 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,28 теңгеге төмендеп, 440,87 теңге болған.
Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 440,55 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,90 – 5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,87 — 4,97 теңгеден сатылуда.