Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов қызметінен босады

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов құрметті демалысқа шығуына байланысты қызметінен босатылды», -деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бауыржан Тұрсынұлы бұл қызметке 2020 жылғы 13 сәуірде тағайындалған.

1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Мамандығы – құқықтанушы, заңгер.

Әр жылдары Алматы қаласының прокуратурасында, Ақмола облысының әділет басқармасында қызмет атқарған.

1999-2002 жылдары Астана қаласының соты, 2002-2006 жылдары Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болған.

2011-2012 жылдары ҚР Жоғарғы сотының аппаратында, 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Жоғарғы сотында жұмыс істеген.

«Атырау облыстық соты төрағасының міндетін атқару Анаргүл Салиховаға жүктелді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 маусымдағы №607 Жарлығымен Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына тағайындалған», -деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.

 

Back to top button