Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Жыл басынан бері облыс бойынша «Бизнеске жол» жобасы аясында 386 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментің басшысы Ерұлан Серікқалиев баспасөз брифингінде мәлім етті.

«Бизнеске жол» жобасы Атырау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталған жоба кәсіпкерлерге құжаттарды ресімдеу кезінде әртүрлі әкімшілік кедергілерді сезінбеуге көмектесуімен ерекшеленеді.

— Жалпы жобаны іске асыру басталғаннан бері 386 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қаралып, қорғалған болатын. Оның ішінде, мемлекеттік сатып алу бойынша – 152 өтініш, мемлекеттік қызметтер мен бақылау бойынша – 2 өтініш және табиғи монополиялар саласы бойынша – 49 өтініш қаралды. Сонымен қатар келіп түскен өтініштер қатарында мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық әкімшілендіру, жүк тасымалдау, жер қатынастары және кедендік әкімшілендіру салалары да болды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласында департаменттің ұсынуы бойынша квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органның субъектілері 153 кәсіпкерге 992 млн.теңге мөлшерінде берешек төледі. Көбінесе шенеуніктер әртүрлі кедергілерді өздері қолдан жасайды. Сондай жағдайларда әр кәсіпкер өзінің құқығын қорғай білуі шарт. Осы тұста біздің орталық кәсіпкерлерге көмектесуге әркез дайын, — деді Е.Серікқалиев.

Айта кетейік, егер сізде проблемалық сұрақтар туындаса, «Е-өтініш» порталы арқылы өтініш жазуыңызға немесе 1424 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы хабарласуыңызға болады.

Back to top button