Бүгінде өңірдегі жалғыз су көзі Жайық өзенінен 15 канал арқылы шаруашылықтарға су беріледі. Бұл туралы Atpress.kz жазды.
Кейінгі 5 жылда су арналарын жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарала бастады. Нәтижесінде 4 канал толық аршылып, тағы 2-інде жөндеу жұмыстары басталды. Биыл «Бақсай» каналына 707 млн, «Есбол-Қазыбай» каналын жөндеуге 431 млн теңге бөлініпті. Ол жұмыстар 2024 жылы толық аяқталатын болады. «Төменгі Жайық» өндірістік бөлімшес інің теңгерімінде 9 канал бар. Мекеме 117 шаруа қожалығымен келісімшарт арқылы маусым сайын 80 млн текше метр су жеткізбек. Каналдар құрылысы толық аяқталғанда облыста егіс пен жайылым-шабындық алқаптарының көлемі ұлғаяды.
«Сол 9 канал Исатай, Махамбет және қала маңындағы жайылымдық жерлермен егістікке су беру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Есбол-Қазыбай каналы арғы бетінде 42 шақырымға дейін су жеткізеді Оның бойындағы шаруаларға егін егуге, сонымен қатар мал жаюға қолайлы. «Бақсай» — енді ол артерия. Күні бүгінге Бақсай каналымен Жаңа Жанбай мен Манашқа дейін су беріп отырмыз, — дейді «Қазсушар» РМК «Төменгі Жайық» өндірістік бөлімшесінің басшысы Бейбіт Бисенәлиев.