Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облысы әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі үш кеңесшісі тағайындалды

Атырау облысы әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі үш кеңесшісі тағайындалды. Штаттан тыс кеңесшілердің екеуінің мүгедектігі бар, ал, біреуі ерекше бала тәрбиелеп отыр. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мүгедектер ісі жөніндегі үйлестіру кеңесінде хабарлады.

Оның айтуынша, жергілікті билік мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне ерекше көңіл аударып отыр.

«Қазір мүмкіндігі шектеулі жандарды толғандырар мәселе көп. Сол себептен, облыс әкімінің өкімімен мүгедектер мәселесімен айналысатын штаттан тыс кеңесшілер тағайындалды. Кеңесшілер мүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғауға атсалысады», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Мәселен, облыстық мәслихаттың депутаты Гүлназ Қосмұрзиева қоларбаға тағылған жандардың мәселесін көтереді.

Оның өзін қоларбамен жүреді.

Ал, Марат Үмбетәлиев зағиптар кезігіп отырған қиындықтардың оң шешілуіне қолғабыс етеді.

Ол бұған дейін облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болған.

Жергілікті билікке ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың жанайқайын әкімнің кеңесшісі болып тағайындалған Гүлжан Хұсайынова жеткізеді.

Өйткені, олның өзі де мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырғандықтан, бұл мәселемен жете таныс деуге болады.

Back to top button