Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Атырауда мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

Абай атындағы оқушылар орталығында 23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті.

Шара барысында облыс әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екенін айтып, облыс әкімі Серік Шәпкеновтің құттықтау хатын оқып берді.

— Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет ету. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет білімнен емес, мінезден»,– деген еді. Арада жүз жылға жуық уақыт өтсе де, мемлекеттік қызметшіге қатысты осы сөз өзінің мәні мен маңызын жойған жоқ. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері Тәуелсіз Қазақстанымыздың нығаюы мен өркендеп өсуіне зор үлес қосып келетініне сөз жоқ. Қазіргідей аса жауапты және тың міндеттер алға қойылып отырған кезеңде мемлекеттік салада қызмет жасап жүргендердің еңбегіне құрметпен қараймыз. Елімізді өркендету мен нығайтуға аянбай еңбек етіп, өз үлесімізді қоса берейік,-делінген құттықтау хатта.

Салтанатты жиында Болат Исақов облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали мен Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжанар Өтешоваға «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар бірқатар мемлекеттік қызметші облыс әкімінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істерінің Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Back to top button