Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда үйірлі шегірткелерге қарсы 28 200 гектар жер химиялық өңделеді

Биыл облыстың Құрманғазы және Исатай аудандарында 28 200 гектар жер химиялық өңделеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушысы Руслан Шұғайыпова айтты.

Егін егу маусымы басталмас бұрын облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен облыстық штаб отырысы өтіп, жайылым мен шабындықтарды химиялық өңдеуден өткізу мәселесі талқыланды. Нәтижесінде облыстың Құрманғазы және Исатай аудандарында 28 200 гектар жер химиялық өңделеді деп бекітіліп, қазір итальяндық шегірткеге қарсы 5600 гектар жер толықтай өңдеуден өткен. Ал қалған 22600 гектар жерге азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасуда.

-Биыл өткен жылға қарағанда егіндердегі зиянкестерден қауіп жоқ. Өткен жылы Махамбет, Индер аудандарында шалғын көбелектер қаптап кеткен болатын. Биыл тек облыстың екі ауданында үйірлі шегірткелер бар. Бүгінде оларды улау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Егін алқаптарын алматылық «Авиасила» ЖШС аса жеңіл авиациямен және оралдық «Магтоксин» желдеткіш бүріккішпен өңдеу жатырмыз, — деді Р. Шұғайыпов.

Сондай-ақ ол, жайылым мен шабындықтарда зиянкестерден ешқандай қауіп жоқ екенін және жағдай үнемі бақылауда екенін жеткізді. Сонымен қатар аудандардағы өңдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Атыраудың Кеңөзек ауылдық округінің каналдарындағы шабындықта 500 гектар жер бойынша азиялық шегірткелерді улау жоспарланып отырғанын айтты.

Back to top button