Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 20,5 млн теңгені құрады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз брифингін өткізді.

Алдымен аймақ басшысы Серік Шәпкенов әлеуеті жоғары өңірдің экономикалық дамуына тоқталды. Мәселен Атырау облысының жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі республика бойынша жоғары көрсеткішке ие.

— Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 14,1 трлн. теңгені, нақты көлем индексі 101,6%-ды құрады. Республиканың жалпы ішкі өнім көлеміндегі облыстың үлес салмағы – 13,7%. Ал, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімі – 20,5 млн теңгені құрап, еліміздегі ең жоғары көрсеткішке ие болды,— деді С.Шәпкенов.

Анықтама үшін: Облыстың ЖӨӨ құрылымындағы экономиканың негізгі салаларының үлесі – өнеркәсіп 52,8% (оның ішінде тау-кен өндіру – 48,2%, өңдеу өнеркәсібі – 4,0%), құрылыс – 7,0%, ауыл шаруашылығы – 0,8%, сауда – 11,7%, көлік және қоймалау – 4,4% және тағы басқалары.

Back to top button