Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауға ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының мамандары келеді

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында 23-26 мамыр күндері Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді.

Сапардың басты мақсаты — аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Атырау облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.

Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог және басқа мамандар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, облыс тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, күрделі операцияларды Атырау облыстық ауруханасы, Атырау қалалық перзентханасы, №7 Атырау қалалық емханасы базасында жасайды.

Back to top button