Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдегі кәсіпорын ұжымдарын «Парыз» конкурсына қатысуға шақырады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымдары аясында жүргізіледі.
Айта кетейік, байқауға құжат қабылдау 1-шілдеге дейін жалғасады. Қатысу үшін үмiткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органға екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсына алады. Толық мәлімет пен кеңесті Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 31А мекенжайындағы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №105 кабинетінен алуға болады. Немесе облыс әкімдігінің www.gov.kz веб-сайтынан алуға мүмкіндік бар. Байланыс телефоны 8(7122)32-27-74.