Бұл туралы Қазақпарат жазды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, былтыр 7 орман өрті тіркелген.
«Биыл Атырау облысының орман қорындағы 1246 гектарды шарпыған 3 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 42 есе төмен. Ал тұрғындар тарапынан абаттандыру, қураған шөптерді өртеу кезінде отты қараусыз қалдыру салдарынан шабындық жерлерде, ашық алаңдарда, автожол бойы мен канал жағалауында 91 гектар аумақ жанып кетті», — деп хабарлады ведомстводан.
Қазір өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуын болдырмау үшін тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.
«Орман мен далалық алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар жергілікті атқарушы органдар, полиция, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінен құралған мобильді топ арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.