Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда 800 жұмыссыз сұранысқа ие бес мамандықты тегін меңгереді

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымовтың айтуынша, бұрын жұмыссыз адамдар 11 мамандық меңгеру үшін тегін курсқа жіберілген.

«Екі жыл бұрын біздің басқарма мен мұнай-газ кенішін игеріп жатқан компания арасында жұмыссыз адамдарды оқыту бағдарламасын іске асыру үшін келісімшартқа қол қойылған еді. Соған сәйкес жыл сайын 1 мың адам ағаш ұстасы, темір жонушы, слесарь, монтаждаушы секілді 11 мамандық бойынша тегін оқыту курсына жіберілген болатын. Ал, биыл жұмыссыздарды оқыту бағдарламасынан еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар алынып тасталды. Енді жұмыссыздар тек бес мамандық бойынша тегін оқыту курстан өтеді. Бұл – электромонтаждаушы, құбыр құрастырушы, құбырларды дәнекерлеуші, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі монтаждаушы, металл конструкцияларды дәнекерлеуші мамандықтары», — деді Еркебұлан Әбілқасымов.

Шетелдік компанияның қолдауымен 270 адам үш оқу орталығында кәсіби біліктілігін жетілдіріп жатыр. Олар 5 мамандықты меңгереді. Оның ішінде жұмыссыздар есебіне тіркелген 113 адам бар. Сондай-ақ, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздері курсынан 1 327 адам өткен.

«Үш оқу кешенінде жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіптік білім алу үшін қажетті тәжірибелік жабдықтардың бәрі бар. Жыл соңына дейін бұл орталықтарда 800-ге жуық жұмыссыз адамды тегін оқыту курсынан өткізу жоспарланып отыр», — деп мәлім етті Еркебұлан Әбілқасымов.

Back to top button