Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Биыл Атырауда 2500-ге жуық кәсіпкерлердің жобасын қаржыландыру жоспарлануда

Жыл басынан бері облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 65 396 бірлікті құрады. Ал бұл көрсеткіш өткен жылы 52869 болған. 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде өткен жылы бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға — 6 млрд. теңге, несиені кепілдендіруге — 1,9 млрд. теңге, мемлекеттік гранттар ұсынуға — 106 млн. теңге қарастырылған.

-Облысымызда іскерлік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында өңірде бірнеше мемлекеттік жән жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Осы шаралар мен жұмыстардың нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерліктің маңызды көрсеткіштерінде өсім динамикасы байқалуда,- деді Н.Жаңабеков.

Оның айтуынша, биыл кәсіпкерлерді қаржылай қолдау шеңберінде бюджеттен 10,5 млрд. теңге бөлініп, 2500-ге жуық кәсіпкерлердің жобасын қаржыландыру жоспарлануда.

Back to top button