Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда «Қадыр оқулары» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды

Жалпы білім беретін мектептердің 5-11-сынып оқушылары арасында «Қадыр оқуларының» облыстық кезеңі қорытындыланды. Байқауға 37 оқушы қатысып, төмендегі бағыттар бойынша бақ сынады. «Сөзім барда – өзім бар» — ақын өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп, жатқа оқу. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» — ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» — жазба ақындар мүшайрасы.

-Байқау Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-Әлі шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, оқушылардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін, көркем сөз оқу шеберлігін дамыту, ақынның сөздеріне жазылған әндерін дәріптеу мақсатында өткізіліп отыр,- деді Р.Сарбалин.

Қазылар алқасының қорытынды шешіміне сәйкес үш оқушы I дәрежелі дипломмен, алты оқушы II дәрежелі дипломмен, тоғыз оқушы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар 17 оқушыға Алғыс хат табысталды.

Back to top button