Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты ауылдардың жастары қазіргі заман талабына сай мамандықтарға тегін оқытылады7
Алғашқы оқу бағдарламасы Ақкиізтоғай ауылынан басталды. Мұнда 38 жас тұрғын таргет+SMM, копирайтинг және графика дизайны секілді мамандықтарға үйретілуде. Оларды бірнеше жылдық тәжірибесі бар сарапшы тренерлер, бренд дизайнерлер оқытып жатыр.
Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлібек Амандықтың айтуынша, тегін оқыту курстарына 18-35 жас аралығындағы Жылыой ауданына қарасты ауылдық округ тұрғындары қатыса алады.
-Курстар кезең-кезеңімен әр ауылда өткізілетін болады. Оқыту жұмыстары аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңаша» қоғамдық қорының «Шектелме» жобасы аясында «Теңізшевройл» мекемесінің қолдауымен жүзеге асуда,- деді Ә.Амандық.