Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраулық жасөспірімді төтеншеліктер 13 күннен бері іздеп жатыр

Атырау облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағының құтқарушылары 13 күн бойы жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Айта кетейік, Атырау қаласының тұрғыны 2007 жылы туған жасөспірім азаматша А.Қ. 2023 жылғы 6 сәуір күні үйінен ата-анасына ескертусіз белгісіз бағытқа шығып, кері оралмаған. 7 сәуірден бастап Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне шақырту түскен уақыттан бастап, ТЖД күштері мен құралдары іздестіру-жұмыстарына дереу кірісті.

Іздестіру-жұмыстарына жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебі жұмылдырылып, құтқарушылар, жасөспірімнің туыстары, еріктілер және жергілікті тұрғындар Жайық өзенінің жағалауларына барлау жұмыстарын жүргізген болатын.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Атырау облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жалпы ауданы 730 шаршы метрден астам су асты сүңгу жұмыстарын жүргізді. Су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 14 құтқарушысы, 4 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.

Back to top button