Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда олимпиада оқушыларына STEAM шеберлік сағаттар өткізілді

Абай атындағы оқушылар орталығында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері Г.Кенжебаева және Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Н.Жұмабектің қатысуымен қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша республикалық олимпиада қатысушыларына «Jas Space: Атырау жастарын дамыту бастамасы» жобасы аясында STEAM шеберлік сағаты өткізілді.

-Шеберлік сағаты роботехника, жасушалы биология, виртуалды анатомия, 3Д модельдеу бағыттары бойынша өтті. Мақсаты – оқушылардың білім сапасын жетілдіру, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.
STEAM тәсілі – әртүрлі мәселелерді шешу, фактілерді өз тәжірибелерімен тексеру және сынау үшін жаратылыстану ғылымдары мен инженерлік пәндерді бір жүйеге біріктіретін білім беру моделі болып табылады,- деді Р.Сарбалин.

Айта кетейік, Jas Space кеңістігі 7-11 сынып оқушыларына STEAM бағыттары бойынша қосымша білім беруге арналған кеңістік. Қазіргі таңда Jas Space кеңістігінде оқушылар мен жастарға арналған 16 STEAM кіріктірілген білім беру бағдарламалары іске асырылуда.

Back to top button