Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Бұралқы иттердің балаларға шабуылына жол берілмеуі керек

Денсаулық сақтау жүйесінде шешімін таппаған мәселе өте көп. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттың дені сау және сауатты болуы – өте маңызды мәселе. Осыны ескермесек, экономиканы реформалау бос әурешілік болады. Бұл – мемлекеттің міндеті. Ең алдымен, адамдарға сапалы медицина қолжетімді болуы қажет. Денсаулық сақтау жүйесінде шешімін таппаған мәселе өте көп. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі осы саланы дамытуға тың серпін береді деп үміттенеміз. Алайда, бұл жүйедегі қаржы айналымына бақылау жасалмайды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ақпараттандырудың төмен деңгейде болуы медицина қызметкерлеріне жүктемені айтарлықтай арттырғанына баса назар аударды.

«Медициналық сақтандыру қорының өңірлік комиссияларының қызметі ашық емес. Бұл денсаулық сақтау шығыстарының артыруына алып келеді. Медициналық көмекті бақылаусыз пайдалану аясында қымбат диагностикалық қызметтері саны 11 есе артқан», — деді Президент.

Back to top button