Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда түрмеге тиым салынған заттарды кіргізбек болған 14 адам жазаланды

Атыраудағы түрмеге тиым салынған заттарды тасыған 14 адам әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлының айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiп қағидаларында көзделмеген заттар, заттектер, тамақ өнімдерін сақтауға және пайдалануға тыйым салынған.

«Алайда, «қамқор» туыстар мен достары өздерінің бастамасымен не қамаудағылардың өтінішімен түрмеге тыйым салынған заттарды қасақана әкелуге тырысатын жағдайлар жиі кездеседі. Алкогольдік ішімдік, дәрілік және басқа да есеңгiрететiн заттар, ақша, тамақ өнімдері, бұйымдар, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа да заттарды кез келген тәсілмен беру әрекеті әкімшілік, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соғады. Былтыр ақша, телефон, алкоголь және есірткі заттарын алып өтуге тырысқаны үшін 14 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттардың 3 дерегін анықтады», -деп хабарлады Нұржан Серікұлы.

Оның айтуынша, есірткі заттарын пенитенциарлық мекемеге әкелген С. есімді азамат ұсталған. Кейіннен оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс сотқа берілген.

«Қазір бас бостандығынан айыру орындарына телефондарды алып өткені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал, психотроптық заттардың тізіміне трамадол, кетамин және басқалары енгізілді. Сол себептен, азаматтарға қылмыстық заңмен қудаланатын теріс әрекеттерге бармау қажеттігін ескертеміз», -дейді Нұржан Серікұлы.

Back to top button