Түркістан облысының Ордабасы ауданында 9-сыныпта оқитын қыздың мәйіті табылды. Қазір оны өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушы қыздың мәйіті 9 сәуірде Ордабасы ауданындағы суару каналынан табылған.
«Қазіргі таңда жасөспірім қызды өлтірді деген күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында» делінген хабарламада.