Атырауда Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Бұл туралы аталған орталық директоры Руслан Сарбалин мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Байқаудың мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытып, зерттеу қабілеті жоғары, дарынды оқушыларды қолдаумен қатар, олардың білім деңгейін арттыру. Аталған жобаның облыстық кезеңіне, аудандық және қалалық кезеңде жеңімпаз атанған 31 оқушы қатысты. Ережеге сәйкес оқушылар «Туған өлке табиғаты», «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады» атты төрт бағыт бойынша өз бақтарын сынады.
Нәтижесінде І дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 7 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 7 оқушы марапатталды. Сондай-ақ 11 оқушыға Алғыс хат табысталды.
Айта кетейік, енді жүлдегер оқушылар 26-27 сәуір күні онлайн өтетін байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.