Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 11 сәуірде болған. Атырау қаласындағы колледж жатаханаларының бірінің жанында 2007ж.т., жасөспірімге дене жарақатын салу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 2006ж.т., 2007ж.т., күдіктілер №2 Атырау қалалық полиция бөліміне жеткізілген.