Атырау қаласында түтін иісі сезілуіне байланысты, 2023 жылдың 14 сәуір күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен Жедел топ қамыстың жануын анықтау үшін барлау жұмыстарын жүргізуге Атырау қаласы, Дамбы селосынан 30 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауына шықты.
Жедел топ оқиға орнына жеткен кезде ашық отпен жану анықталмады алайда, «Ақ жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шамамен 3 га көлемінде қамыстың тамырларының бықсуын анықтады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер мен 3 бірлік техника және «Ақжайық» МТР 15 адам, 3 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды. Қамыстың бықсуы толықтай өшірілген.