
Атырау облысы ТЖД Жедел – құтқару жасағының құтқарушылары 5 күн бойы жоғалған жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласының тұрғыны 2007 жылы туған жасөспірім А.Қ. 6 сәуір күні үйінен ата-анасына ескертусіз белгісіз бағытқа шығып, кері оралмаған. Осыған байланысты шақырту түскен уақыттан бастап Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Жайық өзенінің жағалауларын сондай ақ жедел түрде су асты іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының 12 құтқарушысы, 2 бірлік техникасы және 4 жүзу құралы жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары жалғасуда.