Қала тұрғындары мен қонақтары туристік автобуспен Атырау қаласының ең көрікті жерлерін аралап, саяхат жасай алады. Алпыс орындық қоғамдық көлік арнайы белгіленген кесте бойынша сағат 20:00 бастап түнгі 02:00 жұмыс жасайды.
-Махамбет-Исатай алаңынан бастау алатын бағыт Сатпаев, Әбілхайыр хан көшесімен әуежайға дейін барады. Кері қарай Әбілхайыр хан көшесінен Сатпаев көшесіне түсіп, Драмтеатрға дейін барып, Сатпаев көшесімен Махамбет-Исатай алаңына келеді,- деді «Akzhayik Avtopark» ЖШС-нің Эксплуатация бөлімінің басшысы Саламат Бахриденов.
Айта кетейік, ашық аспан астында серуендегенді қалайтындар үшін билет құны – 500 теңге.