Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Құлсары қаласында тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Құлсары қаласында тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады

Құлсары қаласы тозығы жеткен бес қабатты тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынатын болды.

№1 ықшам ауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген.

-Ауданы 1615,19 шаршы метрді құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы дайын. Мемлекеттік сатып-алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС. Қазіргі таңда, үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр,-деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қазбек Ағыраев.

Оның айтуынша, жаңа спорт кешенінде кіші футбол, бокс, күрес, волейбол залы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Back to top button