Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Атырауда кикбоксингтен облыстық чемпионат өтті

Мұнайшы стадионында 9-11 сәуір аралығында кіші жасөспірімдер арасында кикбоксингтен облыстық чемпионат өтті.

Өңірлік деңгейдегі сайысқа қала және Құрманғазы, Исатай аудандарынан 200-ден астам жас спортшы сынға түсті. Аталған спорттық доданың мақсаты — ең үздік спортшыларды анықтау. Бәсеке екі күнге созылды.

Жарыстың нәтижесі бойынша әр түрлі салмақ дәрежесінде 18 спортшы 1 орынды иеленді. Олар Рамазан Мейрамғали, Алишер Боран, Аймұрат Шамұратов, Нұррахман Фархадұлы, Ахмад Русланұлы, Нұржетпіс Аманғали, Өмірхан Әділбек, Исабек Хасан, Әділет Мусабаев, Рахим Сүйеуғали, Ерсұлтан Рафаэлұлы, Ерназар Кутумов, Шыңғыс Андир, Ернұр Дүйсенбай, Азамат Хайратов, Балғынбек Қаражанов, Нұрахмет Бақыт.

Жүлделі орындардан көрінген спортшылар алдағы уақытта Түркістан облысы Арыс қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысады.

Back to top button