Атырау облысы полиция департаменті хабаралағандай, 10 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Нұрсая ықшам ауданы Mercedes Benz көлік құралының 1979ж.т., жүргізушісі белгінбеген жерден жолдан өтпекші болған 1991ж.т., жаяу жүргіншіні қағып құлатып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жаяу жүргінші жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, ұстап Департаменттің Анықтау басқармасына жеткізген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаяу жүргінші 12 сәуір күні жан сақтау бөлімшесінде қайтыс болған.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.