
11 сәуір күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы Шамина көшесі №1 үй тұсында маркасы Mercedes автокөлігінің 1985 ж.т жүргізушісі маркасы Kia Rio және маркасы Subaru көлік құралдарына соқтығысқан. Тексеру барысында, 38 жастағы көлік жүргізушісі көлікті есірткілік мас күйде басқарғаны анықталды.
Аталған факті бойынша оған қатысты ҚР ӘҚБтК — нің 608 бабының 3 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама жасақталды.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК 608-баптың, 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылып, 20 тәуілікке әкімшілік қамауға алынады.