Павлодар қаласында 1-6 сәуір аралығында ерлер арасында XXXІ Қазақстан чемпионаты өтті. Атыраулық команда іріктеу кезеңдерінде бірінші орынмен көш бастаған болатын. Жартылай финалда жерлестеріміз «Тараз» командасын 2:1 есебімен ұтты. «Атырау» командасы соңғы рет өткен жылы ел чемпионы атанған болатын. Бұл медаль волейбошылардың осымен ел чемпионатындағы сегізінші күмісі. Чемпионат қорытындысы бойынша команда капитаны Айбат Неталин «үздік шабуылшы», ал Нодирхан Кадирханов «үздік қорғаушы» номинацияларын жеңіп алды.
Айта кету керек, «Атырау» волейбол командасы 2000 жылы құрылды. Жергілікті команда ел чемпионатында жылма-жыл тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді. Алда команданы клубтар арасында Азия чемпионаты күтіп тұр.