Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депуатттарының сауалына жолдаған жауабына сүйенсек, биыл Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы жергілікті маңыздағы жолдарға 50,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл Туралы Қазақпарат жазды.
«Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту мақсатына республикалық бюджеттен 209,6 млрд теңге, оның ішінде құрылыс пен реконструкциялауға 62,6 млрд теңге, күрделі және орташа жөндеуге (жалпы сипаттағы трансферттермен) 147 млрд теңге көзделген. Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарына 50,2 млрд теңге қарастырылған (Батыс Қазақстан облысы 26,8 млрд теңге (республикалық бюджеттен – 4,9 млрд теңге, жергілікті салық төлемдерінен – 21,9 млрд теңге), Ақтөбе облысы 14,8 млрд теңге (РБ – 0,6 млрд теңге, ЖСТ – 12,1 млрд теңге, ЖБ – 2,1 млрд теңге) және Атырау облысы 8,6 млрд теңге (РБ – 2,7 млрд теңге, ЖСТ – 4,3 млрд теңге, ЖБ – 1,5 млрд теңге)», — деп жазылған құжатта.
Бұл қаражатқа 2023 жылы Батыс Қазақстан облысындағы 329 шақырым, Ақтөбе облысындағы 216 шақырым және Атырау облысында 51,5 шақырым жолға құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмек.
«Нәтижесінде жергілікті желідегі автомобиль жолдарының жағдайы Батыс Қазақстан облысы бойынша 46%-дан 52% дейін, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша 72%-дан 74% дейін жақсарады. Қосымша қаржы бөлу мәселесі республикалық бюджетті нақтылау және/немесе қалыптастыру мүмкін болған кезде белгіленген тәртіппен қаралады», — деп жазады Әлихан Смайылов.