Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

Президент «Шеврон» корпорациясы Қазақстанмен бірлескен кәсіпорын ашқан алғашқы шетел компаниясы екенін атап өтіп, компанияның 30 жылдық мерейтойы еліміздің мұнай-газ саласы үшін айтулы оқиға екенін айтты.

«Бүгінде «Теңізшевройл» жетекші халықаралық компания ретінде еліміздің жалпы экономикалық дамуына табысты үлес қосып келеді. Елімізде өндірілетін мұнайдың үштен бірі «Теңізшевройлға» тиесілі. Компания отыз жыл ішінде 70 миллиард доллар инвестиция құйып, мемлекет бюджетіне 160 миллиард доллардан астам кіріс әкелді. Компания тауарлар мен қызметтердің 70 пайызын жергілікті өнім жеткізушілерден сатып алады. «Теңізшевройл» жұмысшыларының 95 пайыздан астамы – Қазақстан азаматтары».

«Кәсіпорын мұнай саласында озық технологияларды белсенді түрде қолданып, көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуге септігін тигізетін шараларды дәйекті түрде қабылдап жатыр».

«2000 жылдан бері компания ауаға таралатын шығарындылардың көлемін 75 пайызға азайтты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуға тиіс. Теңіз кен орнындағы өндірісті ауқымды түрде кеңейту жобаларының жүзеге асырылуы аяқталып келеді».

«Теңізшевройл» шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінде маңызды рөл атқарады. Компанияның ауқымды өндірістік қуатының арқасында әртүрлі салада жүздеген жаңа кәсіпорынның пайда болуына экономикалық негіз қаланды. Соның нәтижесінде он мыңдаған жұмыс орны ашылды».

«Кәсіпорын отыз жылда 100-ден астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырған. Атап айтқанда, мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен басқа да нысандардың құрылысына қомақты қаржы бөлген».

Back to top button